2024 жылдың қаңтарынан бастап желтоқсан аралығы кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша Аналитикалық анықтама

2024 жылдың қаңтарынан бастап желтоқсан аралығы кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша Аналитикалық анықтама

        Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» КММ басшысының 2025 жылғы 5 маусымдағы №17-Д бұйрығын орындау мақсатында 2025 жылғы 8 маусым мен 2025 жылғы 30 маусым аралығында жұмыс тобы Тайынша ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» КММ (бұдан әрі – Бөлім) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (бұдан әрі – ішкі талдау) анықтау бойынша ішкі талдау жүргізді.

Талдау кезеңі: 2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне ішкі талдау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

  1. кадрлармен жұмыс, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелер.

Жұмыс тобы Бөлімнің қызметінде басшылыққа алынатын кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді зерделеді.

Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу барысында ішкі талдау мынаны көрсетті:

Ішкі саясат бөлімінің штаттық саны – 5 адам, оның ішінде 3 мемлекеттік қызметші (1 – басшы, 2 – бас маман), шарт негізінде жұмыс істейтін техникалық персонал – 2 қызметкер (аударма редакторы, жүргізуші).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мақсатында Бөлімнің барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдады, қаржылық бақылау шараларын іске асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларын уақтылы ұсынды.

Мынандай фактілер анықталған жоқ: мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленуі, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар кезінде, мүлікті, активтерді сатып алу немесе сату кезінде аффилирленуі, жақын туыстардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірге қызмет етуі (жұмыс істеуі), лауазымды тұлғаларға қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу.

2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі кезеңде Бөлімге 18 өтініш келіп түсті.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары қатаң сақталады. Талдау жүргізу сәтінде Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша тәуекелдердің туындауын растайтын жағдайлар анықталған жоқ. Аппарат қызметкерлеріне қатысты қылмыстық және әкімшілік істер тіркелмеген. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттелген кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, Бөлімнің функционалдық қызметіне қатысты заңдарды түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқыту жүргізіледі.

Өткізілген ішкі талдау барысында Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

             

 

Жұмысшы тобы:

 

   

Қарбаев Дастан Сәбитұлы

бөлім басшысы

Жақсыбаева Айман Жанатқызы 

бас маман – бас бухгалтер

Рафальский  Анатолий Павлович

«Аудандық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы

 Карим Алибек Тулюгунұлы

 

«Жастар ресурстық орталығы»КММ  директорының