Ағымдағы жылдың 3-4 сәуір күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3-4 сәуір күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3-4 сәуір күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл шараға барлық өңіріміздегі облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатынасуда. Біздің ауданымыздан аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева барып қатысты.
Аталмыш шараның кешегі 3-сәуір күнгі жоспары бойынша мәслихат депутаттарына арналған секциялық сессиялар өткізілді. Секция жұмысы
4 бағытты қамтыды:
1. Бюджеттің және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндіктерін күшейту жөніндегі шаралар туралы;
2. Агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері;
3. Өңірлердің экономикасы;
4. Аймақтық әлеуметтік саясат және инклюзивті қоғамды дамыту.
Осы сессиялардың 2-ші және 4-ші бағыттарындағы секцияларына қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, ҚР су ресурстары ирригация вице министрі Е.Ибрайхановқа Деркөл өзенін тазарту жұмыстарына қаражат қарастыру бойынша сұрақ қойды.
Жалпы 2024 жылы министрліктің тапсырмасына сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының елді мекендеріне жақын өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерін санациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған ұйымдастыру іс-шараларының жоспары» бекітілді. Жоспарға «БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы маңындағы Деркөл өзені арнасын кеңейту» жұмыс жобасы енгізілді. Жобада Тасқала ауданындағы Деркөл өзенінде су тасқыны кезінде мұз кептелісі нәтижесінде Тасқала ауылында тұратын 7959 адам және Бірлік ауылында тұратын 304 адамның тұрғын үйлері мен шаруашылық құрылыстарын су басу қауіпінен сақтау мақсатында өзен арнасын тазалау, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстарын 7 км учаскеде жүргізу қаралған. Бүгінгі күні жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. Жоба құны 621,898,8 мың теңгені құрайды.
Болашақта осы мәселе жедел шешімін табады деген сенімдеміз.