
Кезектен тыс сессия отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Ж. Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIII сессиясының отырысы өтті.
Сессия отырысына аудандық ұйымдастыру-сараптамалық жұмыс бөлімінің басшысы Сүндетқалиев Жантас Шынгелдіұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тастембекова Людмила Владимировна, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Шукуров Самиголла Рахметоллаұлы қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIII сессиясына ұсынылған мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Людмила Владимировна Тастембекова баяндама жасап, ұсынылған жобаларға жан-жақты түсіндірме берді.
Ал 2–4 мәселелер бойынша аудандық ұйымдастыру-сараптамалық жұмыс бөлімінің басшысы Жантас Шынгелдіұлы Сүндетқалиев баяндама жасады.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, тұрақты комиссия ұсынған шешім жобаларын толық қолдады. Нәтижесінде барлық ұсыныстар бір ауыздан бекітілді.