Кезекті сессия отырысы өтті.
А.ж 22 желтоқсан күні Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XLI –сессиясының отырысы болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Т.Шакиров, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Таңатжан Мұхтар Таңатжанұлы,аудандық жкономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың кезекті XLI -ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Олар:
1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының
«2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы» 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. «2026-2028 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы»;
4. «2026 жылға арналған Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы».
Аталған 1–4 мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Людмила Владимировна Тастембекова баяндама жасап, ұсынылған жобаларға жан-жақты түсіндірме берді.Сондай-ақ сессия барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы мәселе қаралды. Бұл бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Таңатжан Мұхтар Таңатжанұлы баяндама жасады.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылай келе, тұрақты комиссия ұсынған шешім жобаларын қарап, толық қолдады. Барлық ұсыныстар бір ауыздан бекітілді.