Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Тұрақты комиссияның отырысы өтті
Тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өтті
А.ж 22 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаты Е. Кучербаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Комиссия отырысында аудандық мәслихаттың кезекті XLI -сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.Олар:
1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының
«2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы» 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. «2026-2028 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы»;
4. «2026 жылға арналған Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы».
Аталған 1–4 мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Людмила Владимировна Тастембекова баяндама жасап, ұсынылған жобаларға жан-жақты түсіндірме берді.Сондай-ақ сессия барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы мәселе қаралды. Бұл бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Таңатжан Мұхтар Таңатжанұлы баяндама жасады.
Отырыс қорытындысында комиссия төрағасы Е. Кучербаев ұсынылып отырған шешім жобаларын және депутаттар тарапынан айтылған ұсыныстарды ескере отырып, оларды алдағы сессияда бекітуге ұсынды.