Кезектен тыс сессия отырысы өтті.
Бүгін Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX–сессиясының отырысы болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Т.Шакиров, аудан әкімі аппаратының басшысы м.а Ж. Сүндетқалиев,аудандық жкономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова Тасқала аудандық мәслихатының «2025–2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы» 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын ұсынды.
Аудан әкімі аппараты басшысының м.а. Жантас Сүндетқалиев Тасқала ауданы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі, терроризмге қарсы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құрамдарын жаңарту туралы шешім жобаларын депутаттардың қарауына ұсынылды.
Келесі мәселелер бойынша Тасқала аудандық учаскелік және округтік сайлау коммисияларының құрамын сайлау туралы шешімдеріне өзгерістер еңгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Д.Махашева таныстырды.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылай келе, тұрақты комиссия ұсынған шешім жобаларын қарап, толық қолдады. Барлық ұсыныстар бір ауыздан бекітілді.