Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Тұрақты комиссияның отырысы өтті
Тұрақты комиссия отырысы өтті
Бүгін аудандық мәслихат депутаты Е.Көшербаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті XXХVIII-ші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды.
1-ші мәселе бойынша, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының атқарылған жұмыстар туралы Кентугаева Батима Махамбетқызы есеп берді. Есеп беру барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санатары бойынша және аудан бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыратын мәлімет ұсынылды;
2 ші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2024 жылы және 2025 жылдың I жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндаманы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрмуханов Асылхан Қайрлыұлы есеп беріп депуттатар тарапынан электр жүйесі, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша сұрақатр қойып, талқыланды;
3-ші мәселе бойынша аудандық аурухана басшысы Бралов Руслан Нурланұлы есеп беру барысында ауданымызға оңтүстік аумақтарынан білікті дәрігерлер шақырылып жатқаны туралы және дәрігерлерге берілетін тұрғын үй мәселесі бойынша баяндама ұсынылды, өзекті мәселелер бойынша аудандық депуттатар тарапынан шешілу жолдары бойынша сұрақтар талқыданды.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы Е.Көшербаев ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.