Кезектын тыс сессия отырысы өтті.
А.ж 11 қыркүйек күні Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XХХVII–сессиясының отырысы болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Т.А.Шакиров, аудандық мәслихат депутаттары және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың XХХVII-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселе қаралды.
Сессия алдымен Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының
«2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы»
2024 жылғы 20 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлім басшысының м.а Бисалиева Эльвира Максимқызы баяндады.
Келесі мәселелер Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Тасқала ауданы әкімдігінің дербес құрамының өзгеруіне келісім беру туралы аудандық әкім аппаратының басшысы А.Ибраева таныстырды.
Сессиясы барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді бір ауыздан бекітті.