Тасқала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы  бос орындар туралы хабарламасы

Тасқала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы   бос орындар туралы хабарламасы

Тасқала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы

 бос орындар туралы хабарламасы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына (2022 жылғы 5 қарашадағы №156-VII ҚР Конституциялық заңымен енгізілген толықтыруларды ескере отырып), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6 бабына сәйкес және Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 мамырдағы шығыс №247 хаты негізінде Тасқала аудандық мәслихаты мына сайлау комиссияларында бос орындар бары  туралы хабарлайды:

 

Тасқала аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясына – 1 бос орын;

№335 учаскелік сайлау комиссиясына – 1 1 бос орын.

 

           Осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн мерзім ішінде әрбір саяси партия сайлау комиссиясы құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Ұсынылған кандидатуралар бойынша аудандық мәслихатқа келесі құжаттар жіберіледі:

1) тиісті сайлау комиссиясы құрамына кандидатты ұсыну туралы жарғысына сәйкес тиісті өкілеттіктері бар саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер органының, олардың құрылымдық бөлімшерінің отырыс ХАТТАМАСЫНАН көшірме;

2) әділет органдарында саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері тіркелген туралы құжаттың көшірмесі;

3) нақты сайлау комиссиясын көрсетумен жұмысқа қатысуға келісу туралы кандидаттың аудандық мәслихатқа ӨТІНІШІ;

4) құжаттарды толтыру кезінде сауалнамалық деректерде қателерді жібермеу мақсатында ұсынылған кандидатуралардың өтінішіне жеке куәліктің көшірмесін қоса беруі сұралады.

         Ұсыныстар сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23 үй, 107 кабинет.

          Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппараты басшысы  Махашева Динара Нұрланқызы, байланыс телефоны: 20-0-12.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аймағында тұруға тиіс.

 

Тасқала аудандық мәслихаты

 

Хабарлама 01.01.2025 күнінен бастап  қолданылады деп есептелсін