Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 16 сәуірінде Ақжар ауылындағы "М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп интернат колледжі" КММ базасында Тарбағатай ауданы білім бөлімінің кубогі "Ұшқыр ой алаңы" пікірсайыс турнирі өткізілді.

Бұл шараға ауданымыздың 19 мектебінен 57 оқушы қатысып, өздерінің ақыл-ой қабілеттері мен білімдерін көрсетті. Турнирдің мақсаты – оқушылардың пікірталас, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлау мен өзін-өзі білдіру дағдыларын жетілдіру болды.
Турнир нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде "Абай атындағы орта мектебі" КММ

1-орын "Жетіарал мектеп-балабақша кешені" КММ

2-орын*: "А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі" КММ, "Құйған орта мектебі" КММ, "Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі" КММ

3-орын*: "М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп интернат колледжі" КММ, "Жамбыл атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ, "Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Барлық қатысушыларға алғыс айтып, олардың үздік ойларын әрі қарай дамытуға, жаңа жетістіктерге жетуге тілектестік білдіреміз. Жеңімпаздарға деген қуанышымыз ерекше, және бұл турнирдің болашақта да дәстүрлі түрде өтетініне сенеміз!