«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН!
Шығыс Қазақстан облысы педагогтері арасында өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі Садуакасова Гульмира Кайырбаевна «Экологиялық сауаттылық» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – педагогтің кәсіби ізденісі, шығармашылық еңбегі мен заманауи білім беру үдерісіне жаңашыл идеяларды енгізудегі нәтижелі жұмысының көрінісі.

Гульмира Кайырбаевнаны жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа идеялар, кәсіби биіктер мен толағай жетістіктер тілейміз!