🔔 ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ!

🔔 ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ!
2026 жылғы 1 қыркүйекте Тарбағатай ауданы бойынша білім беру мекемелерінде Білім күніне арналған мерекелік салтанатты жиындар өтті.
Алғашқы қоңырау үні жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуын айшықтап, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн білім әлеміне жол ашқан ерекше сәт болды.
Биылғы Білім күніне ұсынылған «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбы білім мен тәрбиенің сабақтастығын айқындайды. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойына адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіруге, қоршаған ортаға жанашырлық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға басымдық беріледі.
Жаңа оқу жылы – тың ізденістерге, биік мақсаттарға және жаңа жетістіктерге бастайтын кезең. Барша ұстаздарға шығармашылық табыс, оқушыларға білім жолындағы сәттілік, ата-аналарға қуаныш пен отбасылық амандық тілейміз!
📚 Жаңа оқу жылы табысты, әрбір оқу күні жаңалық пен жетістікке толы болсын!