Бүгін бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

Бүгін бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

Бүгін аудандық мәслихат депутаты «Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту  және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссияның төрағасы Жайлаухан Қозыханұлының төрағалығымен сессияға ұсынылған мәселелерді талқылау  барысында  тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде 13 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №25/2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №25/3-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/4-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/5-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/6-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай  ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/7-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қарасу   ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/8-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Құйған   ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/9-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы барлық ауылдық округ әкімдері баяндама жасады. Депутаттар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері тарапынан жан-жақты, нақты жауаптар берілді. Одан бөлек күн тәртібіндегі 2025 жылға арналған Тарбағатай ауданында кондоминиум обьектісін басқаруға және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы; Тарбағатай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы; 2022 жылғы 24 қарашадағы №27/3-VII Тарбағатай ауданы әкімдігі мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселелер тыңдалып, талқыланып, сессияға бекітуге қаулы қабылдады.

 Тарбағатай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселе қаралып, салық мөлшерлемесінің 4 пайыз  мөлшерінде қалдыру жөнінде  сессияға жолдауға қаулы қабылдады.

Сонымен бірге, күн тәртібіндегі «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселесі қаралды.  

Онда ауданымызға сіңірген еңбегі үшін «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағына білім беру, құқық қорғау саласының ардагерлері Г.Ж.Киысбаева, К.Б.Тұрғанбаева, Е.Д.Кырыкбаев сынды азаматтар  ұсынылды. Депутаттардың дауыс беру нәтижесінде, құқық қорғау саласының ардагері Г.Киысбаева басым дауыспен сессияға бекітуге жолданды. Азамат Е.Д.Кырыкбаевқа депутаттардың төртеуі жақтап, төртеуі  қарсы  дауыс беріп, біреуі қалыс қалды. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы 19-1 бабында «Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады» деп атап көрсетілген. Осы  негізінде,  тұрақты комиссия төрағасы Ж.Турабаевтың шешуші дауысымен азамат Е.Д. Қырықбаевтың кандидатурасы  бекітуге  сессияға жолданды. 

Күн тәртібіне ұсынылған 13 мәселенің шешім жобасын сессия қарауына жіберу туралы қаулы қабылданды.