Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына

Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына

Тарбағатай аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы 2025 жылғы 11 сәуірде сағат 14.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні тұрақты комиссия отырысы сағат 9.00-де өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. 2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есебін бекіту туралы.

Жанат Жоламанұлы Жоламанов – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2. 2024 жылғы арналған Ақжар ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;

Дәутбек Қорғауұлы Ниязбеков – Ақжар ауылдық округінің әкімі.

3. 2024 жылға арналған Тұғыл ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;

Қанат Шеризатұлы Свенов – Тұғыл ауылдық округінің әкімі.

4. 2024 жылға арналған Қабанбай ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;

Сәкен Әнуарбекұлы Малгаждаров – Қабанбай ауылдық округінің әкімі.

5. 2024 жылға арналған Қарасу ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;

Шалқар Оралбекұлы Муслимов – Қарасу ауылдық округінің әкімі.

6. 2024 жылға арналған Маңырақ ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;

Әбілхайыр Қабдешұлы Қожахметов – Маңырақ ауылдық округінің әкімі.

7. 2024 жылға арналған Жаңаауыл ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;

Сәуле Көкекқызы Сахиолдина – Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі.

8. 2024 жылға арналған Жетіарал ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;

Серік Жәнібекұлы Қажиекперов – Жетіарал ауылдық округінің әкімі.

9. 2024 жылға арналған Құйған ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы.

Бекбол Бақытбекұлы Дайранов – Құйған ауылдық округінің әкімі.

10. Тарбағатай ауданы бойынша тұрғын-үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.

Құрманғазы Құмарбекұлы Слямжанов – Тарбағатай ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

11. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарбағатай  аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №11/4-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Өмірхан Әйкенұлы Қанағатов – Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы.

12. Тарбағатай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалды техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы.

Гүлнар Базарханқызы Тұрсынханова – Ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.

13. «Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ермек Төлеуханұлы Құрманғалиев – Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы.

14. Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 ақпандағы санды №32 санды шығыспен жолданған ұсынысы және Тарбағатай аудандық мәслихатының «Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, депутаттық өкілеттілігі, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі » тұрақты комиссия отырысының  2025 жылғы 26 ақпандағы №2 қабылдаған қаулысы негізінде, «Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты С.Демесиновтың мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдану  туралы.

Өмірхан Әйкенұлы Қанағатов – Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы.

 

Тарбағатай аудандық

мәслихатының  төрағасы                   Ө.Қанағатов