2025 жылғы 14 наурыз күні жаңадан қалыптастырылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Жаңадан қалыптастырылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы Қалимажан Төлеген Әбілғазыұлы ашты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері төраға ретінде Рахимжанов Нурлан Болькеновичтің кандидатурасын қолдап, бірауыздан сайлады және екінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңес туралы Ереже бекітілді.