«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10, 19-баптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңадан комиссия мүшелерін қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 13 ақпан күнінен бастап 28 ақпан күніне дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 13 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін жүзеге асырылады.
Тарбағатай аудандық мәслихаты
Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы - Канагатов Омирхан Айкенович
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 15 үй.
Жауапты адам – Какешова Галия, қалааралық телефон коды (8723 44), қызметтік телефоны 21 404 ұялы телефоны- 8 702 319 04 14 электрондық пошта мекенжайы:tarbagatay-maslihat@akimvko.gov.kz
Тарбағатай аудандық мәслихаты сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен учаскелік комиссия мүшелері орнына жаңадан комиссия мүшелерін сайлайды:
Учаскелік сайлау комиссиялары:
Рет саны |
Сайлау учаскесі нөмірі |
Мекен жайы Орналасқан жері
|
Қай партиядан ұсынылған |
Шыққан сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
1 |
№906 |
Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, № 17, Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ақжар мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты |
«Respublika» партиясы |
1 |
2 |
№910 |
Қамысты ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, № 39. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
«Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы» |
1 |
3 |
№953 |
Ақжар ауылы, Байжігіт көшесі, № 24. Шекара комендатурасы. |
«Ауыл»ХДПП |
1 |
4 |
№953 |
Ақжар ауылы, Байжігіт көшесі, № 24. Шекара комендатурасы. |
«Қазақстан халық партиясы»ҚБ ШҚО филиалы |
1 |
Тарбағатай аудандық мәслихаты