Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Тарбағатай аудандық  мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы 2024 жылғы 29 наурызда сағат 14.30-де аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл  көшесі, 15, 1-қабат) өтеді.

Тұрақты комиссия отырысы сол күні сағат 9.00-де өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1.2023 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы. Хабарламашы:Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. А.Тлеубеков

 2.Тарбағатай ауданының 2023 жылғы бюджетінің орындалуы туралы жылдық есебі. Хабарламашы: Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Р.Адилов

3.Аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы. Хабарламашы:Аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Мұқатов

4.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы. Хабарламашы:Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Слямжанов

5.Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмысы туралы. Хабарламашы:Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту , дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы С.Омарғазин

6.Ауданның тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы. Хабарламашылар: Аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөлік  жолдары бөлімінің басшысы С.Сабырбаев; «Ақжар» КМК директоры Б.Өскенбаев.

7.«Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері , депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылықтар жөніндегі» тұрақты комиссиясының есебі. Хабарламашы:«Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылықтар жөніндегі»  тұрақты комиссия төрағасы Э.Темирбаева

8.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VIIІ "2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Хабарламашы:Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. А.Тлеубеков

9.Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы. Хабарламашы: Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Е.С.Сабырбаев

10.Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Тарбағатай ауданы бойынша шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» №699 қаулысына өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Е.С.Сабырбаев

11.Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясын құру туралы» №700 қаулысына өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Аудан әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы Е.С.Сабырбаев

12.Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» №701 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы. Хабарламашы: Аудан әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы Е.С.Сабырбаев

13.Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы «Тарбағатай ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы» №689 қаулысына өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Аудан әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы Е.С.Сабырбаев

14.Жер комиссияның құрамын бекіту туралы. Хабарламашы: Аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Мұқатов

Тарбағатай  аудандық

мәслихатының төрағасы                                  О. Канагатов