ШҚО, Тарбағатай ауданы ,"Қызыл қайың"учаскісінде мыс кенін барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Қазақстандық "EAS COpper"ЖШС өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.

ШҚО, Тарбағатай ауданы ,"Қызыл қайың"учаскісінде мыс кенін барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Қазақстандық "EAS COpper"ЖШС өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.

Қызылқайын мыс-молибден кен орыны 1970-72 жж Кеңес одағы кезінде барланған кен орыны,Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылынан оңтүстікке қарай 20 шақырым қашықтықта Маңырақ тауы сілемінде орналасқан.

2021 жылдан отандық Шымкент қаласында тіркелген Еast Cooper компаниясы барлау жұмыстарын жүргізіп сынамаларын Канада елімен бірлесіп жұмыс атқаруда.

Канада жағы Кен-байыту комбинатының құрылысы ,қуаттылығын және экологиялық қауіпсіздігін жаңа технологиялар негізінде жобалайды.

Қызылқайын кен орыны Еліміздің индустриалды инновациялық даму жобасына еңгізілген .

Жобаның құны -216 млрд.тг оның көпшілігі 230 МВТ электр энергиясын 500 км қашықтан жеткізуге жоспарланған .

Комбинат іске қосылғанда 4500 ден астам жұмыс орны ашылып ,шекаралық Тарбағатай, Зайсан және көршілес аудандарға халық қоныстанып өнеркәсіпті ,сауда -логистикасы дамыған аудандар болуға үлкен мүмкіндік .