Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылдың 31-ші шілде күні сағат 11.30-да аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы сағат 8.30-да өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII "2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 21 сәуірдегі №37/16-VIII "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы №40/3-VIII "Жер комиссиясын құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы            О.Канагатов