
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен комиссия мүшелері орнына және жаңадан құрылған сайлау учаскесіне комиссия мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10, 19-баптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына және Тарбағатай ауданы әкімінің 2026 жылғы 19 мамырдағы «2011 жылғы 23 қарашадағы «Сайлау учаскелерiн құру туралы» № 20 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 2 Қаулысы негізінде жаңадан құрылған сайлау учаскесіне комиссия мүшелерін сайлайтыны туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 29 мамыр күнінен бастап 13 маусым күніне дейін аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 29 мамыр күнінен бастап 13 маусым күніне дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12: 00-ден 13: 30-ге дейін жүзеге асырылады.
Тарбағатай аудандық мәслихаты
Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы - Канагатов Омирхан Айкенович
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 15 үй.
Жауапты адам – Какешова Галия, қалааралық телефон коды (8723 44), қызметтік телефоны 21 404 ұялы телефоны - 8 702 319 04 14, электрондық пошта мекенжайы: tarbagatay-maslihat@akimvko.gov.kz
Тарбағатай аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен комиссия мүшелері орнына және жаңадан құрылған сайлау учаскесіне комиссия мүшелерін сайлайды:
|
Реттік саны |
Сайлау округ нөмірі |
Мекен жайы / Орналасқан жері |
Қай партиядан ұсынылған |
Шыққан сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1. |
№ 9 |
Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы. Желтоқсан көшесі 7, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Рысқұлов атындағы орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ШҚО бойынша филиалынан |
1
|
|
Реттік саны |
Сайлау учаскесі нөмірі |
Мекен жайы / Орналасқан жері |
Қай партиядан ұсынылған |
Шыққан сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1. |
№ 900 |
Сарыөлең ауылы, Қабанбай көшесі, № 41. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ШҚО бойынша филиалынан |
1 |
|
2. |
№902 |
Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесі № 45. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Маңырақ мәдениет үйінің ғимараты. |
«Ауыл» партиясы ХДПП ҚБ ШҚО бойынша өңірлік филиалынан
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» РҚБ ШҚО филиалынан |
2 |
|
3. |
№ 903 |
Жаңалық ауылы, Құрманғазы көшесі, №1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің |
«AMANAT» партиясы ҚБ ШҚО Тарбағатай аудандық филиалынан |
1 |
|
4. |
№ 905 |
Ақжар ауылы, Байжігіт көшесі № 65. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
«Respublica» партиясы ҚБ ШҚО филиалынан |
1 |
|
5. |
№909 |
Асусай ауылы, М.Дулатов көшесі, № 1/1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Асусай мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
«Respublica» партиясы ҚБ ШҚО филиалынан |
1 |
|
6. |
№910 |
Қамысты ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, № 39. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
«Қазақстан халық партиясы» ҚБ ШҚО филиалынан «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы» ҚБ ШҚО бойынша филиалынан |
2 |
|
7. |
№920 |
Қабанбай ауылы Қабанбай көшесі, № 1. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Қабанбай клуб үйінің ғимараты. |
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» РҚБ ШҚО филиалынан «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ ШҚО филиалынан |
2 |
|
8. |
№ 921 |
Шеңгелді ауылы, Қонаев, № 34. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп –бөбекжай- балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
«AMANAT» партиясы ҚБ ШҚО Тарбағатай аудандық филиалынан |
1 |
|
9. |
№ 924 |
Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесі, № 7. |
«AMANAT» партиясы ҚБ ШҚО Тарбағатай аудандық филиалынан |
1 |
|
10. |
№ 927 |
Байтоғас ауылы, Байтоғас көшесі, № 65. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы» ҚБ ШҚО бойынша филиалынан |
1 |
|
11. |
№ 953 |
Ақжар ауылы, Байжігіт көшесі, № 24 «Ақжар» Шекара комендатурасы |
«AMANAT» партиясы ҚБ ШҚО Тарбағатай аудандық филиалынан «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы» ҚБ ШҚО бойынша филиалынан |
2 |
|
12. |
№ 1196 |
Ақжар ауылы, Байсейітов көшесі, №1. «Тарбағатай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі. |
|
5 |