
2026 жылдың 26 мамыр күні Тарбағатай аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.
Бірлескен тұрақты комиссия отырысын «Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылықтар жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Э.Темирбаева төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Тарбағатай ауданында байланыс, мобильді байланыс және цифрландыру жүйелерінің жай-күйі мен даму перспективалары. Ауданда байланыс жүйесін дамытуда 2026 жылы атқарылған жұмыстары» туралы Зайсан желі жол техникалық цехының бас инженері М.Арғынбаев баяндама жасады. Аталған мәселе бойынша депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілмегендіктен, мәселені келесі бірлескен тұрақты комиссия отырысында қайта қарауға жіберілді. Осы мәселе бойынша аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс , сәулет және қала құрылысы бөлімінің ақпараты тыңдалып, қаулы қабылданды.
Екінші, үшінші, төртінші мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімінің, аудан әкімі аппаратының аппарат басшысының және ауылдық округ әкімдерінің ақпараттары тыңдалды. Отырыс барысында депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті қаулылар қабылданды.