2025 жылғы 15 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 38-ші сессиясы өтті.

2025 жылғы 15 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс  38-ші сессиясы өтті.

2025 жылғы 15 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс  38-ші сессиясы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов жүргізді.

Сессия жұмысына аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімінің орынбасары С.Сабырбаев, аудан әкімінің бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат өкілі қатысты.

Күн тәртібіне келесі 4 мәселе ұсынылды:

  1. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы.  
  3. «Жер комиссиясын құру туралы» Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысын бекіту туралы.

4.Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Тлеубеков баяндама жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атағын беруге ұсынылған азаматтар туралы толық ақпарат берді. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атағын Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы және Жарасов Амангелды Билялханұлына беру туралы шешім шығарылды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Жер комиссиясын құру туралы» Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысын бекіту туралы кезектен тыс отыз тоғызыншы сессияға бекітуге жіберілді.

Төртінші мәселе бойынша Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Аталған мәселелер сессияға дейін бірлескен тұрақты комиссия отырысында алдын ала қаралды.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының жұмысы  Интернет желісінде онлайн режимінде (LIVE) көрсетілді.

Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/sYa8jx-MyrI?feature=share