
2026 жылдың 14-ші сәуір күні аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Отырыста аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылықтар жөніндегі» тұрақты комиссиясы және «Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағаларының тұрақтануы, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысында жанар-жағар май бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша атқарылған шаралар және мониторинг тобының жұмысы туралы; ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «ШҚО еңбек мобильдігі орталығы»КММ-нің «Тарбағатай ауданының мансап орталығы» филиалының 2025-2026 жылдары атқарған жұмыстары туралы; Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Даму бала» платформасы бойынша Тарбағатай ауданы «Өнертану» шығармашылық үйірмесінің 2025-2026 жылдары атқарған жұмыстары туралы;Қарасу, Жетіарал, Жаңаауыл ауылдық округтерінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды. Депутаттар тарапынан сұрақтар мен бірқатар ұсыныс-пікірлер білдірілді.
Ақжар, Маңырақ, Қабанбай ауылдық округтерінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару барысында атқарылған жұмыстар туралы мәселені депутаттар тарапынан ауылдық округ әкімдеріне ақпараттарын нақтылауға ұсыныстарын білдірді.