2026 жылдың 14-ші сәуір күні сағат 9.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (1-қабат, Конференция залы) өтетін бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтетінін хабарлаймыз.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларының тұрақтануы, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысында жанар-жағар май бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша атқарылған шаралар және мониторинг тобының жұмысы туралы.
- ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «ШҚО еңбек мобильдігі орталығы»КММ-нің «Тарбағатай ауданының мансап орталығы» филиалының 2025-2026 жылдары атқарған жұмыстары туралы.
- «Даму бала» платформасы бойынша Тарбағатай ауданы «Өнертану» шығармашылық үйірмесінің 2025-2026 жылдары жұмыстары туралы.
- Ақжар, Маңырақ, Қабанбай ауылдық округтерінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару барысында атқарылған жұмыстар туралы.
- Қарасу, Жетіарал, Жаңаауыл ауылдық округтерінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда атқарылған жұмыстар туралы.
Бірлескен тұрақты комиссия
отырысының төрағалары Ж.Тұрабаев
Э.Темирбаева