Бүгін Тарбағатай аудандық Қоғамдық кеңесі төрағасы Н.Рахимжановтың төрағалығымен кеңестің кезекті жиыны өтті.

Бүгін Тарбағатай аудандық Қоғамдық кеңесі төрағасы Н.Рахимжановтың төрағалығымен кеңестің кезекті жиыны өтті.

2026 жылы 25 ақпан күні Тарбағатай аудандық Қоғамдық кеңесі төрағасы Н.Рахимжановтың төрағалығымен кеңестің кезекті жиыны өтті. Жиынға Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Т.Бақытбекұлы, Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Д.Сағатбеков және аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі басшысы М.Мәлтаев қатысты. Қоғамдық кеңес жиынында өзекті екі мәселе талқыланды. Қоғамдық кеңес төрағасы жаңа Конституция жобасы мемлекеттің одан әрі дамуына, құқықтық жүйенің жетілдірілуіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғанын және тарихи маңызы бар саяси оқиға екенін атап өтті. Кеңес мүшелері де өз пікірлерін жеткізіп, жерлестерді азаматтық белсенділік танытып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауда ағымдағы жылдың 15 наурыз күні өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдумға бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды. Жиында көтерілген екінші мәселе”Аудан бойынша төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында алдын алу шаралары туралы мәселе тыңдалды. Табиғи қауіптердің, соның ішінде су тасқынының алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Төтенше жағдайлардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Кеңес мүшелері тарапынан өзендердің су бөгеттерін көтеру, тоғамдарды қомдау арқылы нығайту, сондай-ақ арықтар мен су өткізу арналарына тазалау жұмыстарын жүргізуді одан әрі жалғастыру туралы ұсыныстарын білдірді.