«Мекемеден-мекемеге» кітап сыйлау челленджі!

«Мекемеден-мекемеге» кітап сыйлау челленджі!

14-ақпан кітап сыйлау күні қарсаңында Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты аудан әкімінің аппаратынан «Мекемеден-мекемеге» кітап сыйлау челленджін қабылдап алды.

Челленджді аудандық мәслихатының төрағасы Өмірхан Әйкенұлы аудандық мәслихатының аппараты атынан келесі мекеме ретінде Тарбағатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымына табыстады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакенов Мырзахан кітап сыйлау челленджіне қатысып,кітап оқудың қоғам үшін маңызын атап өтті.

Кітап-тек білім көзі ғана емес, ол қоғамның рухани деңгейін айқындайтын, мәдениетті қалыптастыратын және ел болашағын айқындайтын құндылық. Мекемелер арасындағы осындай игі бастамалар оқу мәдениетін дамытуға, кітапқа деген құрметті арттыруға және ұжымдар арасындағы рухани байланысты нығайтуға үлкен үлес қосады.

Әрбір сыйға тартылған кітап-білімге,парасатқа және ұлттық құндылықтарға жасалған нақты қадам.