Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру, талқылау мақсатында аудандық мәслихатының төрағасы Ө.Қанағатов Тарбағатай ауданының тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру, талқылау мақсатында аудандық мәслихатының төрағасы Ө.Қанағатов Тарбағатай ауданының тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Тарбағатай ауданы аумағында «Тарбағатай ауданы руханиятын дамытудың идеологиялық тұжырымдамасын», Заң мен тәртіп қағидаттарын орнықтыру, құқықтық мәдениетті арттыру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, идеологиялық тұрақтылық, патриотизм мен ұлттық-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру бойынша пікір алмасу мақсатында Ақжар ауылындағы Ақжар Мәдениет үйінде Ақжар ауылдық округінің тұрғындарымен, М.Әуезов атындағы мектеп-интернат колледжі,Абай атындағы орта мектепте, Балауса-Балғын балабақшасында,Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінде,Тарбағатай аудандық ауруханасында, Қабанбай,Тұғыл, Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен мазмұнды кездесуге аудандық мәслихатының төрағасы Ө.Қанағатов қатысты.

Аудандық мәслихатының төрағасы Өмірхан Әйкенұлы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасындағы өзгерістермен таныстырып өтті. Кез келген ауқымды тарихи өзгерістер кезінде осындай талқылаудың болғаны маңызды деді аудандық мәслихатының төрағасы.

Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтпарын қойып пікір алмасты.