Аудандық мәслихатының төрағасы Қоғамдық қабылдау өткізді.

Аудандық мәслихатының төрағасы Қоғамдық қабылдау өткізді.
Тарбағатай ауданы бойынша созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (гемодиализ) шалдыққан науқастардың ең үлкен проблемасы осы науқастардың емдейтін арнайы орталықтың жоқтығы ,осы өзекті  мәселе бойынша өткен жылы  Денсаулық сақтау министрлігіне және парламент мәжілісі депутаты Ерлан Бияхметұлына хат жолдаған болатынмын.
1.Қоғамдық қабылдауға гемодиализ орталығын ашу бойынша ауыл тұрғындары келді.
Осы мәселе бойынша Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасы бас дәрігерімен келіссөз жүргіздік ,аурухана тарапынан  орталыққа қажетті арнайы бір кабинет қарастырылатынын және қолдау көрсетілетінінжеткізді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Хайруллаұлына аудан бойынша 8 науқастың басқа аудан мен облысқа баруы физикалық және материалдық қолайсыздық тұғызуда екенін жеткізіп ,ықпал жасауына өтініш білдірдім.
Біздің ауданға қажетті Гемодиализ қызметін алатын кабинет ашып беруге қаржы қарастырылатынын жеткізді.
2.Ақдидар және Қызылбұлық АӨК шаруа қожалықтарының жетекшілерімен мал  және егіншілік шаруашылықтары жайында пікірлестік.