
Бүгін аудандық мәслихатының депутаты, Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Жайлаухан Қозыханұлының төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Бірлескен отырысқа аудандық мәслихатының депутаттары, тиісті бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Бірлескен отырыстың күн тәртібіндегі «Тарбағатай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Тлеубеков хабарлама жасады. Хабарламадан соң, депутаттар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға , аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Тлеубеков жан-жақты, нақты әрі егжей-тегжейлі жауап берді.
Одан бөлек, күн тәртібіндегі «Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары,құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;Қабанбай ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Тарбағатай ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» №30/7-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары,құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін оқыған мекеме басшысының міндетін атқарушы Е.Нұргендировке депутаттар тарапынан ақпаратын толықтырып әкелуін және келесі сессияға басшысының өзі келіп қатысуын ұсынды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған 4 мәселенің шешім жобасын кезекті отыз бесінші сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан қаулы қабылданды.