Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы 2025 жылғы 18 желтоқсандағы сағат 12.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні тұрақты комиссия отырысы сағат 8.30-да өтеді.

1.Тарбағатай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Хабарламашы: А.Тлеубеков - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2.Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары,құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

Хабарламашы: С.Сабырбаев – аудандық тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

3.Қабанбай ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

Хабарламашы: С.Малгаждаров – Қабанбай ауылдық округінің әкімі.

4.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Тарбағатай ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссиясының  құрамын бекіту туралы» №30/7-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Құрманғалиев – аудан әкімі аппаратының басшысы.

5.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Хабарламашы: Ө.Қанағатов – аудандық мәслихатының төрағасы.

 

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы              О.Канагатов