Аудан әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді.

Аудан әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді.

Бүгін 05.12.2025 жылы Тарбағатай аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысының жиыны өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер.

1.Тарбағатай ауданының 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы.

Тарбағатай ауданының әкімі Д.Ш.Жөргекбаев.

2.Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары.

Ақжар ауылдық округі әкімі Д.Қ.Ниязбеков.

3.Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі Тұғыл ауылының шекарасын (шегін)белгілеу және Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі Байтоғос ауылының шекарасын (шегін)белгілеу туралы жобасын талқылау.

Ауыл шаруашылығы,жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің статист маманы Д.Д.Қорғауұлы.

Аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында сөз алған аудан әкімі өңірдегі 2025 жылғы атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, алдағы міндеттермен бөлісті.

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстармен алдағы жоспарларды тыңдаған Қоғамдық кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, аудан әкімінің жұмысына оң баға берді.

Өз кезегінде аудан әкімі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бағытында Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.