ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен комиссия мүшелері орнына жаңадан комиссия мүшелерін сайлау туралы

ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10, 19-баптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық мәслихаты  учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңадан комиссия мүшелерін  сайлайтыны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай  ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2025 жылғы 4 желтоқсан күнінен бастап 19 желтоқсан күніне дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

             1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

             3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

             4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

            Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

             Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

             Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

            Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

            Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

             Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

              Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 4 желтоқсан күнінен бастап 19 желтоқсан күніне дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12: 00-ден 13: 30-ге дейін жүзеге асырылады.

  Тарбағатай аудандық мәслихаты

 Тарбағатай аудандық мәслихатының  төрағасы -  Канагатов Омирхан Айкенович 

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақжар ауылы,  Жамбыл көшесі, 15 үй.

         Жауапты адам – Какешова Галия, қалааралық телефон коды (8723 44), қызметтік телефоны 21 404 ұялы телефоны- 8 702 319 04 14,  электрондық пошта мекенжайы:tarbagatay-maslihat@akimvko.gov.kz

Тарбағатай аудандық мәслихаты  учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен комиссия  мүшелері орнына жаңадан  комиссия мүшелерін сайлайды:

Реттік саны

Сайлау учаскесі/ нөмірі

Мекен жайы / Орналасқан жері

Қай партиядан ұсынылған

Шыққан сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

№ 900

 Сарыөлең ауылы, Қабанбай көшесі, № 25. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

 

«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы» ҚБ ШҚО  бойынша филиалынан

1

2.

№ 901

 Бозша ауылы, А.Мұхаметжанов көшесі, № 27. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Дәулетбай атындағы мектеп – балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

«Ауыл» партиясы ХДПП ҚБ ШҚО бойынша өңірлік филиалынан

1

3.

№902

Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесі № 45. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Маңырақ мәдениет үйінің ғимараты.

«AMANAT» партиясы

ҚБ ШҚО Тарбағатай аудандық филиалынан

1

4.

№908

 Жетіарал ауылы, Билялов көшесі, № 1. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Жетіарал мәдениет үйінің ғимараты.

 

«Қазақстан халық партиясы» ҚБ ШҚО филиалынан

1

5.

№910

Қамысты ауылы Ш.Уалиханов көшесі, № 39. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

«AMANAT» партиясы ҚБ ШҚО Тарбағатай аудандық филиалынан

1

6.

№914

Жамбыл ауылы Тоғас көшесі, № 10. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жамбыл атындағы мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

«Respublica» партиясы ҚБ ШҚО филиалынан 

1

7.

№ 915

Шолақорда ауылы, 1 мөлтек, № 1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

 

«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы» ҚБ ШҚО  бойынша филиалынан

1

8.

№918

Қарой ауылы 1 мөлтек, № 13.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарой бастауыш мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» РҚБ ШҚО филиалынан

1

9.

№918

 Қарой ауылы, 1 мөлтек, № 13.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарой бастауыш мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы» ҚБ ШҚО  бойынша филиалынан

1

10.

№919

Тәуке ауылы Төле Би көшесі, № 6/1.  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

«Қазақстан халық партиясы» ҚБ ШҚО филиалынан

1

11.

№920

Қабанбай ауылы Қабанбай көшесі, № 1. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Қабанбай клуб үйінің ғимараты.

«Ауыл» партиясы ХДПП ҚБ ШҚО бойынша өңірлік филиалынан

1

12.

№ 922

Қазақстан ауылы, Абай көшесі, № 18.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қазақстан бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 

 

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» РҚБ ШҚО филиалынан

1

13.

№926

Тұғыл ауылы Алтынсарин көшесі, № 23. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ ШҚО филиалынан

1

Қосымша 5.1