
Бүгін,яғни 2025 жылдың 19-шы қараша күні аудан әкімдігі ғимаратында Тарбағатай ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Тарбағатай аудандық полиция бөлімі басшысының атқарған жұмыс нәтижелері бойынша есебін тыңдау.
Аудандық полиция бөлімінің басшысы А.Қисанов.
2.Тарбағатай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдау кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Мұқатов.
3.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі 2/3 -VIII “Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты “ мемлекеттік мекемесінің “Б”корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешімінің күшін жою.
Тарбағатай аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Н.Шомбина.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланды. Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері көтерілген сұрақтар бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Жиын қорытындысында аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов Қоғамдық кеңес мүшелеріне қызметтік куәліктерді табыстап, олардың алдағы жұмыстарына табыс пен сәттілік тіледі.