
Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты, СПК Ақдидар шаруа қожалығының басшысы Индира Айтмуханбетовна Қалитова Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысты.
Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында. Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін» деп атап өтті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы секторын жаңғырту, өндіріс тиімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, фермерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін күшейту, ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамыту, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ фермерлердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша нақты міндеттерді атап өтті.
Президент табысқа жеткен әрбір кәсіпкерді өз ауыл – аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды.
Аудандық мәслихатының депутаты Индира Айтмуханбетқызын және ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Ел ырысы – ауылда. Береке, бірлік – еңбекқор адамның қолында.
Адал еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Еңбектеріңіз жемісті болып, әрбір маусым берекеге толы болсын!
Тарбағатай аудандық
мәслихатының төрағасы О.Канагатов