
Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай, бүгін Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов саланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттады. Іс-шара барысында әлеуметтік сала мамандарының қоғамдағы маңыздылығына ерекше тоқталып, олардың күнделікті еңбегі зор құрметке лайық екені атап өтілді.
Өмірхан Әйкенұлы өз сөзінде әлеуметтік қызметкер мамандығының адамгершілік пен мейірімділікті талап ететін жауапты сала екенін айтып, кәсіби міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ әлеуметтік қолдау көрсетуді жетілдіру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, халыққа әлеуметтік көмек көрсету ісіне айрықша үлес қосқан бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табыстады.