
2025 жылғы 13 қазан күні «Әлеуметтік сала және тұрғындардыәлеуметтік қорғау, депутаттық өкілеттілігі, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе Тарбағатай аудандық мәслихатына Тарбағатай ауданы бойынша жер комиссиясының төрағасы М.Н.Қызовтан 20.08.2025 жылы келіп түскен «Аудандық мәслихат депутаттары С.Демесинов пен Е.Шаммуханбетовтың 2025 жылғы 13 тамызда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысында орын алған іс –әрекеттері туралы» №237/01-10 санды қызметтік хаты туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихатының депутаттары С.Демесинов пен Е.Шаммуханбетовтің іс-әрекеттерін қарау нәтижесінде депутаттардың басым көпшілігі сессияның қарауына жолдау үшін жеткілікті негіздер болмауына байланысты, «Әлеуметтік сала және тұрғындарды
әлеуметтік қорғау, депутаттық өкілеттілігі, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы аудандық мәслихатының депутаттары С. Демесинов пен Е.Шаммуханбетовтің іс-әрекеттеріне қатысты мәселені сессияға қарамау туралы қаулы қабылданды.
Тұрақты комиссия төрағасы депутаттарға алдағы уақытта әдеп бұзушылықтарға жол бермеу, қызметтік мінез құлқында заңдылық пен әдеп талаптарын сақтау қажеттілігін атап өтті.