Құрметті ұстаздар қауымы!

Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңіз бен шәкірт жүрегіне нұр себер адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

Шәкірттеріңіздің жетістігі – Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Білім беру ісіндегі табандылықтарыңызға, шығармашылық ізденістеріңізге, жас ұрпаққа деген шексіз қамқорлықтарыңызға құрметпен бас иеміз.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, отбасылық амандық пен кәсіби биіктер тілеймін.

Еңбектеріңіз әрқашан ел игілігі үшін жемісті болсын!

 

Ізгі тілекпен,

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы         О.Канагатов