Аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатов пен облыстық мәслихат депутаты Б.Нүрпеисов мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатов пен облыстық мәслихат депутаты Б.Нүрпеисов мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 Бүгін  аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатов пен облыстық мәслихат депутаты Б.Нүрпеисов Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектебі КММ, Билялов атындағы мектеп – лицейі КММ және М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп интернат колледжі КММ арнайы барып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Біздің ауданымызда білікті мұғалімдер жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Сіздердің оқушыларыңыз республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Бүгін сіздердің білім беру жүйесін дамытуға қосқан лайықты үлестеріңізді атап өте отырып, Сіздердің қажырлы, өте жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді деп атап өтті аудандық мәслихат төрағасы.

Облыстық мәслихат депутаты Б.Нүрпеисов және аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатовтың атынан Ақжар ауылындағы аталған білім беру ұйымдарының директорларына құттықтау хатын табыстады.