
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудандық мәслихатының депутаты Жайлаухан Қозыханұлы Құйған ауылына арнайы барып, қарияларды мерекемен құттықтады.
Аудандық мәслихатының депутаты өз сөзінде қарттардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі жастар үшін маңызды екенін атап өтті. Соынмен қатар, Жайлаухан Қозыханұлы қарттарға көрсетілетін құрмет пен қамқорлықтың бір күнмен шектелмейтінін сөз етті.
Құйған ауылының ардагерлері мерейлі мерекемен құттықтай келген аудандық мәслихатының депутаты Жайлаухан Қозыханұлы Тұрабаевқа алғыстарын айтып, баталарын берді.