30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған  Ел Конституциясы – бүгінде Қазақстан халқының береке-бірлігін нығайта түсті.

Ата заңды ардақтау – болашаққа батыл қадам басқан егемен еліміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен  құттықтаймын!

Әр шаңырақтан бақыт пен береке кетпесін! Отанымыздың гүлденуі жолында жаңа белестерді бағындырып, толағай табысқа жетейік!

Еліміз аман, іргеміз бүтін, келешегіміз кемел болғай!

 

Құрметпен,

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы                        О.Канагатов