Облыстық мәслихат депутаты Б.Нурпеисов, аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов Құйған ауылындағы бірнеше нысандарды аралады.

Облыстық мәслихат депутаты Б.Нурпеисов, аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов Құйған ауылындағы бірнеше нысандарды аралады.

Республикалық "Жол картасы" бағдарламасы аясында Құйған ауылындағы таза ауыз су желілері қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Мердігер мекеме -"Универсал строй"ЖШС, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы. Магистральді желілер өткен жылы толық тартылған, биыл үйлерге суды енгізу жұмыстары аяқталған, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға мердігер демеушілікпен енгізіп берген. Су жинағыш (водозабор) құрылысы жүргізіліп жатыр.

Құйған орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме "Нұр Құрылыс Инвест". Биылғы жылы тек сыртқы жұмыстары жүргізіледі. Яғни, төбесі шатырланып, қасбеті сайдингпен қапталады, қоршауы жаңартылып, маңайы асфальттанады. Келесі жылы ішкі жұмыстары жүргізілетін болады.