2025 жылдың 30 маусым күні Тарбағатай аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.
Бірлескен тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаты Ж.Тұрабаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мәслихат төрағасы өз есебін берді. Екінші және үшінші мәселелер бойынша аудандық ауыл шаруашылығы,жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Мұқатов және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшының МУА Е. Кәрібаев 2024 жылдың атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Төртінші мәселе бойынша Тарбағатай аудандық мәслихатының «Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының төрағасы Ж.Тұрабаев бандама жасады.
2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Жоламанов және Ақжар, Тұғыл, Қабанбай ауылдық округ әкімдері баяндап өтті.
Тоғызыншы және оныншы мәселер бойынша аудандық ішкі саясат бөлімі МУА Г.Тұрсынханова «Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы «Тарбағатай ауданы әкімдігі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» №18/10-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы және аудандық ауыл шаруашығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы І.Серікұлы «Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 2 мамырдағы №28/7-VIII «Жер комиссиясын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндама жасап, мәслихат депутаттары тарапынан қойылған сұрақтарға түсінік берді.
Мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.