Жаңаталап ауылының 20 жылдық түлектерінен туған жерге тағзым!

Жаңаталап ауылының 20 жылдық түлектерінен туған жерге тағзым!

Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды. Жаңаталап ауылының 20 жылдық мектеп түлектері ауыл үшін аса маңызды нысан-жаяу жүргіншілерге арналған көпірді өз қаражаттарына салып берді.  Көпірдің ашылуы болып, аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатов қатысып, игі бастамаларға алғысын білдірді. Айта кетейік, дәл осы ауылдың түлектері былтырғы жылы өз бастамаларымен және ауыл тұрғындарының қолдауымен ауылға құны 40 млн.теңгеден астам заманауи тойхана салып берген болатын. Осындай ауыл тұрғындарының игі бастамалары көпшілікке үлгі болары сөзсіз. Ауыл азаматтары мен азаматшаларына зор алғысымызды білдіреміз. Ауылымыз көркейіп, жайнай берсін!Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.