Аудандық мәслихат депутаты Ж.Қ.Тұрабаев өз сайлаушылары алдында 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебін берді.

Аудандық мәслихат депутаты Ж.Қ.Тұрабаев өз сайлаушылары алдында 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебін берді.

Жетіарал мен Құйған ауылдарының тұрғындары көтерген мәселелердің іске асырылуы, өңірдегі өзекті мәселелердің шешімін табуы бойынша Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Жайлаухан Қозыханұлы Турабаев, өз сайлаушылары алдында 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Тұрғындар тарапынан ішкі жол жөндеу, су мәселесі секілді бірқатар мәселелер көтеріліп, депутат тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын жеткізді.

Бүгінгі есеп беру кездесуіне келіп қатысып, сұрақтарын қойып, ойларын жеткізгені үшін тұрғындарға ризашылығын білдірді,тұрғындар тарапынан «қанағаттанарлық» деген баға беріп,алдағы қызметіне сәттілік тіледі.