Бүгін аудандық мәслихат депутаты Гаухар Әрінбекқызы Қадылбекова Тұғыл ауылының тұрғындарымен кездесіп, өз сайлаушылары алдында 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебін ұсынды.

Бүгін аудандық мәслихат депутаты Гаухар Әрінбекқызы Қадылбекова Тұғыл ауылының тұрғындарымен кездесіп, өз сайлаушылары алдында 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебін ұсынды.

Г.Ә.Қадылбекова № 11 сайлау округіндегі ағымдағы жұмысы, қатысқан іс-шаралар туралы, оның атына келіп түскен және есепті кезеңде шешілген өтініштер туралы айтып берді.

Тұғыл ауылының тұрғындары саябақтың жанындағы арық тереңдетіп қазылса,балалар ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуді, ауылдың ішіндегі жолдарды жөндеу және кейбір көшелердің жарық шамдарын қалпына келтіру туралы мәселелерді қолдау көрсетуді сұрады.

Гаухар Әрінбекқызы туындаған мәселелер бойынша  түсініктеме беріп, барлық айтылған мәселелер бақылауға алынатынын жеткізді. Кездесуіне белсене қатысқан барлық тұрғындарға алғыс білдірді. Есепті кездесу барысында сайлаушылар депутатқа атқарылған жұмысы үшін «қанағаттанарлық»  деген баға беріп,алдағы жұмыстарына жеміс тіледі.