"Мектебім саған, мың алғыс" атты оқу жылының аяқталуына орай салтанатты шараға аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатов қатысты.

"Мектебім саған, мың алғыс" атты оқу жылының аяқталуына орай салтанатты шараға аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатов қатысты.

 

Дәл осындай атаумен бүгін Ақжар ауылындағы «Абай атындағы орта мектебі» КММ салтанатты шарасы өтті.

Шараға аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатов,ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп түлектері мен мектеп директоры қатысты.

Жиналғандардың алдында аудандық мәслихат төрағасы Омирхан Айкенович құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге ізгі тілегін білдірді.

Өз кезегінде ардагер ұстаздар, мектеп директоры Н.Акибаева, ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірсе, жас түлектер атынан «Алтын белгі» үміткерлері біліммен қанаттандыру арқылы бүгінгі жетістікке жетуге аянбай үлес қосқан ұстаздар қауымы мен ата-аналарға өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да барша тілеулес жандардың үкілеген үмітін ақтайтындарын жеткізді.

Шара соңында мектеп директоры, ардагер ұстаздар, ата-аналар мен түлектер аудандық мәслихат төрағасымен естелік суретке түсті.