Талғар ауданында ерекше балаларға арналған ипподром ашылды

Талғар ауданында ерекше балаларға арналған ипподром ашылды
📍 Талғар ауданында ерекше балаларға арналған ипподром ашылды
24 ақпанда Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Талғар ауданы әкімдігінің қолдауымен “Аяулы халық” қоғамдық қоры және “HASSAQ” ат клубы ерекше балаларға арналған иппотерапия және бейімделген ат спортына арналған ипподромның ашылуын ұйымдастырды.
🔹 Қазіргі таңда 14 бала ем алуда
🔹 Иппотерапия ерекше балалардың денсаулығын жақсартуға көмектеседі
🔹 Шараға аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев қатысты
Бұл бастама ерекше балалардың денсаулығы мен қоғамға бейімделуіне оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.