21 МАМЫР – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ.
Бүгін Талғар ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара Талғар қаласында орналасқан аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев қатысты.
Айбек Дүйсембекұлы Бидаев аудан әкімінің атынан ауданымыздың мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табыстап, шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі.
Бұл мереке қоғамымыздың рухани дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды құрметтеу күні.