2025 жылғы 11 сәуірде Талғар ауданы әкімдігінде «Қазақстанның қауіпсіз және сау қоғам» жобасының таныстырылымы өтті. Іс-шараға ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және облыстық прокуратура өкілдері қатысты.
Жобаның мақсаты – жергілікті жерлерде құқықтық тәртіпті нығайту және әлеуметтік шиеленіс ошақтарын уақытылы анықтап, олардың алдын алу.
Жоба аясында проблемалық аумақтарға кешенді талдау жүргізу жоспарланған. Жобаның негізіне халықаралық тәжірибеге сүйене отырып «С.Т.Ы.А.» әдістемесі енгізілген:
• Сканерлеу (ақпарат жинау)
• Талдау (мәселені зерттеу)
• Ықпал ету (проблемаларды шешу шаралары)
• Ассесмент (бағалау)
Жоба әлеуметтік-демографиялық факторлар, жұмыссыздық, есірткіге тәуелділік, бақылаусыз көші-қон және басқа да мәселелерге әсер ететін қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған. Жобаның жүзеге асу мерзімі – 2025 жылдың соңына дейін.

Іс-шара барысында нақты ұсыныстар беріліп, шешімдер қабылданды.