Талап селосының әкімі К.Бапановтың село тұрғындарымен кездесуінің
№ 1 хаттамасы
Талап ауыл клубы 02 наурыз 2026 жыл
11:00
Төрағасы: Талап селосының әкімі К.Бапанов
Қатысқандар: Талап селосының тұрғындары, ауыл ақсақалдары
Талап ауылының учаскелік полициясы – Ғ.Қ.Исатаев
Күн тәртібінде:
Талап селосының әкімі Қ.Бапанов Талап ауылының тұрғындарымен кездесіп алдағы 2025 жылдары атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.
Бүгінгі күні ауыл бойынша 93 үй және Талап ауылының №14 ЖББ мектебі газ жүйесіне қосылды.
2025 -2026 жылдары осы күнге дейін үйлерінің құжаттары дұрыс болмаған Талап селосы тұрғындарына (15 үй ) құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді. Алдағы уақытта да істелінетін жұмыстар жөнінде өздеріңізбен ақылдасып, кеңесіп шешіп отыратын боламыз.
Залдан түскен сұрақтар:
Аубакиров Марат – ауыл азаматы, Мектепте бала саны азаюда, оңтүстік өңірлерден көп балалы отбасыларының көшіп келуіне ықпал етсеңіздер?
Жауап:
Бапанов К- ауыл әкімі, өте орынды сұрақ, келешекте бұл мәселемен айналысатын боламыз.
Асангазин Төлеубай- зейнеткер, Талап ауылы ақсақалдарының төрағасы, кәріз қоқыс- су мұнарасы 1970 жылы салынған, бүгінгі күні тозығы жеткен, күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңадан салуға болама?
Жауап:
Бапанов К- ауыл әкімі, бұл 2 нысанның құжаттарының жоқ болуына байланысты қазіргі күнде құжаттарын рәсімдеумен айналысатын боламыз, дайын болған кезде «Жылумен сумен жабдықтау кәсіпорыны» АҚ – на өткізу жоспарлануда.
Смагулов Қайрат- ауыл тұрғыны, зейнеткер, 1000 текше метрлік резервуар тазаланады ма?
Жауап:
Бапанов К- ауыл әкімі,резервуарды тазалауды биылғы жылға жоспарлап отырмыз.
Искакова Ұлжалғас - ауыл тұрғыны, қалада жұмыс істейтін кісілер таңертеңгі автобус 8-40 та сапаржайдан жүреді, жұмыстан шыққандар (түнгі смен) автобусқа үлгермей қаламыз, бұрынғы рейсті қалпына келтірсе, өйткені автобусқа түрменің жұмыскерлері мінбейді?
Жауап:
Бапанов К- ауыл әкімі, қала әкімшілігінің қойған графигі бойынша бұл автобустың рейсі таңертеңгілік және кешкілік түрменің жұмыскерлеріне ыңғайланып белгіленген болатын, сіздердің сұрауларыңыз бойынша бүгін 2 наурыздан бастап 1 ай көлемінде хронометраж жүргізіліп, анықталатын болады.
Екінші мәселе бойынша ауыл әкімі 2026 жылы жоспарланып отырған жұмыстардың ретімен таныстырды.
Құрманғазы көшелеріне жарық шамдар орнатылады.
Мәңгілік Ел көшесінің бойына балалар ойын алаңы салынады. Жобалық сметалық құжаттары жасалынып өткізілді.
Егін шаруашылығымен айналысуға «Самға» ЖШС-не 2300 гектар жер берілді, биыл егін салу жоспарлануда.
Жиналыс соңында ауылдың учаскелік полиция майоры Ғ.Исатаев өзінің атқарған жұмыстары туралы есебін берді.
Талап селосының әкімі Қайрат Бапанов жиынға қатысқан ауыл тұрғындарының пікір - ұсыныстарын мұқият тыңдап, алда атқарылатын жұмыстарын кеңінен талқылады. Селоның әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартып, дамыту бағытында тұрғындармен бірлесіп, ақылдасып, жүйелі жұмыстарды жүргізетіндігін жеткізді.
Ауыл тұрғындары әкімнің атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді.
Талап селосының әкімі Қ.М.Бапанов
Хатшы Г.Ж.Сагатова